“Әжемді сағындым”: Шымкент полицейлері жоғалған баланы тауып, анасына табыстады

Шымкентте 10 жасар бала үйден ойнауға шығып, қаланың шетіндегі әжесінің үйіне ескертпестен кетіп қалған. Полицейлер баланы анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 жасар бала күндіз аулада серуендеу үшін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін анасы дабыл қағып, ұлын достары мен көршілерінен сұрастыра бастаған. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел түнде полициядан көмек сұрады. Жоғалған жеткіншектің жүрген жерін анықтауға Тұран АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары мекенжайға жақын орналасқан жасөспірімдердің жиі болатын жерлерін, саябақтарды, ойын алаңдарын, сауда нүктелерін тексеріп, сыртқы бейнекамералардың жазбаларын қарады. Іздеу жұмыстары жарты күнге созылды. Нәтижесінде баланың тұрғылықты жерінен 10 км қашықтықта, қаланың шетіндегі әжесінің үйіне жаяу жеткені анықталды. Жасөспірім анасына аман-есен қайтарылды. Ол бұл әрекетке әжесін қатты сағынғандықтан барғанын айтты. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне адал қызметі үшін шынайы алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.