Бақытжан ЕРТАЙҰЛЫ, Мәжіліс депутат: Асқынып кетсе, арты абыройға апармайды

Қазақ: «Шындықтан зор палуан жоқ. Ол жауды да жығады, қамалды да бұзады» деп бекер айтпайды. Бірақ, шындықтың жолы – шырғалаң, соған төзе білу керек. Өтірікпен арпалысу керек. Өсек-өтіріктің жолы лас. Өтірік – шаң сияқты. Жел тұрса ұшып кетеді. Өтірік – лай. Үстіңе жұқса, кетуі қиын. Қазір уақыттың талабы басқа, өзгеріс көп, жақсылыққа бастамалар мол. Жастар сол талап-міндеттің үдесінен шыға алуы, өзгеріс-ерекшелікке дайын, тың бастамаларға сақадай-сай болуы керек. Осынау ұланғайыр жерімізді қорғау, сақтау – біздің басты міндетіміз болса, оны келер ұрпақтың бойына сіңіріп, мінезінде қалыптастыру да – аға буынның ең үлкен парызы.

Қазіргі жастар өз заманында өмір сүріп жатыр. Мойындауымыз керек, жас буынның тәлім-тәрбиесін уысымыздан шығарып алдық. Буыны бекімеген баланы интернет, ұялы телефон, қала берді атыс-шабысы, қатегіздігі мен қаны көп, не болса соны дәріптеп жатқан шетелдік киноның алдында қалдырдық. Біз, үлкендер, жастарға осыдан кейін қандай бағыт-бағдар бердік деп айта аламыз? Жас буынға қандай көмек қолын создық? Батысқа бастаймыз деп жүріп, еркек пен еркекті үйлендіргенді де көз көрді. Бұл мәселені ашық талқыға салуымыз керек. Ұлттың болашағына, өзегіне түскен дерттің диагнозын дұрыс қоюымыз керек. Асқынып кетсе, арты абыройға апармайды.

qamshy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.