БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ АРҚЫЛЫ СОТ ОТЫРЫСЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУ

Заман  ағымына  сай  қолданыстағы  заңнамалар    үнемі толықтырылып, өзгеріске ұшырап, дамып отырады.

Нақтылап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 02 сәуірдегі №241-VІ  Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 46-бабының 1-бөліміне  төмендегідей өзгерістер енгізілді: “Іске қатысу осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен техникалық байланыс құралдары пайдаланыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.” Жоғарыдағы бапқа толықтырудың нәтижесінде 2019 жылы «Trueconf» мобильді қосымшасы арқылы процестер қаралуы басталса, 2020 жылы бұл мобильді қосымшалар қатарына «WhatsApp», «ZOOM», «ВКС», «Skype» бағдарламалары қосылды.

Арыс аудандық сотында короновирус індетіне байланысты жарияланған карантин талаптарын сақтай отырып, сот отырыстары 2020 жылғы карантин кезеңдерінде толықтай онлайн өткізілді.

Бұл АПК енген өзгерістің халық үшін тиімділігін айтатын болсақ, жетілдірілген ІТ-технологиялардың енгізілуі сот төрелігінің мобильділігін және ашықтығын арттырады, процесті едәуір жеделдетуге, сонымен қатар еліміздің кез келген аймағында сот төрелігіне ыңғайлы және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді, бюджеттік қаражаттарды үнемдейді.

Аталған бапқа өзгеріс еліміздің тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға, уақыт пен қаражатты үнемдеу және сот жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалануды дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, қатысушыларға сот процесіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік беретінін, гаджеттер арқылы сот процестерін өткізу айтарлықтай жылдамдататынын, сот төрелігіне кедергісіз және қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететінін айта кету керек.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 02 сәуірдегі №241-VІ  Заңымен Азаматтық процестік кодексіне «Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу» 133-3- бабы қосылды.

Жаңа бапта – іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына өздері мәлімдеген өтінішхат бойынша немесе соттың бастамасы бойынша техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады.

Қазіргі таңда Арыс аудандық сотында карантин кезінде барлық істер техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қашықтықта қаралып жатқанын айтып өтуге болады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасының тапсырмасын орындауда Жоғарғы Сот тарапынан дайындалған өзгерістер мен толықтырулар Азаматтық процестік кодекстің нормалары азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту бойынша мемлекет тапсырмасын орындауда нақты жасаған қадам деп санауға болады.

Н.Өмірзақ,

Арыс аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.