біз тіл мәселесін алдағы 20 жылда да шеше алмаймыз

Өмірзақ АЙТБАЕВ, академик: 

Тіл мәселесінің жылдар бойы шешілмей келе жатқаны қынжылтады. Кез келген судья басқа тілді білмесе де, қазақ тілін жетік білуі керек. Сондықтан, судьяларды қызметке алар алдында мем­лекеттік тілде емтихан тапсыруды міндеттеу керек. Ал қазақ тілін білмейтін судьялар үшін аудармашы жалдап, оларды тым еркелетудің қажеті жоқ. Қазір қоғамда тілге қатысты жалтақтық жетерлік. Мәсе­лен, «Мемлекеттік тілде жазылған өтінішке мемлекеттік тілде жауап берілуі керек» деп заңда жазылған. Әйтсе де, әлі күнге іс қағаздарының көбі орыс тілінде жүріп жатыр. Бұл жерде мемлекеттік тіл құқығының бұзылғанына ешкім бас ауыртып жатқан жоқ. Сондықтан, ендігі жерде біз бар­лық саланы қазақ тіліне көшіру үшін әр нәрсені сылтаурата бермеуіміз керек. Ұлт мүддесі бәрінен жоғары. Тілге қатысты жауап­кершілікті күшейтіп, қатаң талап қоя білмесек, біз тіл мәселесін алдағы 20 жылда да шеше алмаймыз.

«Скифньюс кз»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.