«Caravan of Knowledge» ұжымдық қоры STEAM SARVARLAR cтелласын табыстады.

Елімізде 2018 жылдан бері қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыттарының бірі төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың білім саласына жаңа серпін беру, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіру.

Осы ретте Шымкент білім беру басқармасына қарасты мектептерінде де STEM-білім беру бағытына ден қойылып, біршама мектептерде оқушылардың жобалау, зерттеу, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау мақсатында орталықтар, кабинеттер жасақталды.

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваға «Caravan of Knowledge» ұжымдық қоры STEAM SARVARLAR cтелласын табыстады. Стелла аталған бағытта жетістіктерге ие, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізген өңірлерге берілгенін ескерсек, Шымкент қаласының білім саласына артылған сенім мол деуге негіз бар. Алдағы уақытта аталған қормен тығыз жұмыс жасап, жаңа бағытта бірге жұмыс жасау туралы уағдаластық орнады.

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Caravan of Knowledge ұжымдық қорының ұйымдастыруымен «Стратегия и практика развития STEAM образования в Казахстане» тақырыбында Тамыз кеңесінің панельдік сессиясы өтті.

Сессияда Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы қаладағы жұмыс жасалып жатқан жаңа бағыттар туралы айтып, өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.