Дариға НАЗАРБАЕВА, Сенат спикері: 776 кәсіпорынды несиелеудің не қажеті бар?

Елімізде аграрлық ғылым саласында мамандар тапшы. Бүгінге дейін «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған 10 мың түлектің тек 70-нің қазір осы салада еңбек етуі бұған дәлел.

Қалыптасқан күрделі жағдайдың күрмеуін табуда «Болашақ» бағдарламасы да дәрменсіз болып отыр. Бұл ретте  отандық ғалымдардың еңбегіне сұранысты көбейту керек. Ал шетелдік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасау маңызды.

Ғалымдармен жұмыс жүйесі қалыптаспаған. Олардың ауаға, жерге қатысты мол деректері бар. Бірақ олардың ақпараттарына ешқандай сұраныс жоқ. Керісінше, шетелдік сарапшыларға көп жүгінеміз. Отандық ғалымдарға сеніп, бірлесе жұмыс істеу керек.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмыстарының кенжелеп қалғаны және шаруаларға қолайлы несиелердің жоқтығы – үлкен қолбайлау. Оның үстіне өңдеу кәсіпорындарының 55 пайызы қаңырап бос тұр. Онда тағы 776 кәсіпорынды несиелеудің не қажеті бар?

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.