«Дәстүрім — асыл қазынам»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын ұсынады. Жобада ұлттық құндылықтарымыз ұмыт қалған салт-дәстүрлеріміз қайта ұлықталады.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасының алғашқы тақырыбы «Ерулік беру» дәстүріне арналады. Қазағымыздың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлығын дәріптеген дәстүрлердің бірі – ерулік беру. Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халқымыз ерулік беруді ойлап тапқан: бұрыннан отырғандар көшіп келгендердің үйін тігісіп, барлық көрші болып, кезек-кезек қоныстанушыларды бала-шағасымен қосып, түгел үйлеріне шақырып, танысып, білісіп араласып кетуге жағдай жасайды. Үлкендер де, бала-шаға да ерулік кезінде әбден танысады.

Қазіргі кезде әсіресе, үлкен қалаларда бұл дәстүр өкінішке орай, ұмытылып барады. Әдетте «көршіңіз кім?» деген сұраққа, «неше жыл тұрсам да білмеймін, танымаймын» деп жауап беретіндер көп. Сол себепті асыл дәстүрлерімізді ұмыт қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырғанымыз абзал болар еді.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын күнделікті әлеуметтік желі парақшаларымызда (инстаграм: salt_dastur_ortalygy, shymqala.etnoauyl, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы) тамашалай аласыздар, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.