Дін саласындағы мемлекеттік саясат

Қандай да болмасын мемлекет діни саясатты тарихы мен мәдениетін, байырғы халықтың ұстанған діні мен оның даму тенденцияларын зерттеу арқылы қалыптастырады.
Қазақстанда да осы факторлар мен басқа да жәйлар ескеріліп, арнайы заңы қабылданып, мемлекеттік дін саясаты құқықтық реттелген.
Қазақстан үшін дәстүрлі әрі мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын едәуір ірі конфессиялар – исламның суниттік ағымына жататын ханафи мазхабы мен орыс православие сенімі болып табылады. Ислам Қазақстан территориясында 10-ғасырда, ал православие болса, 18-ғасырда ресми дін болып таныла бастады.
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты төмендегі құқықтық ұстанымдарға негізделеді:
Біріншіден, барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында тең дәрежеде, заңнама олар үшін бірдей құқықтар мен міндеттіліктер бекітеді.
Екіншіден, діни бірлестіктер қандай да бір мемлекеттік функцияларды атқармайды және мемлекет те егер заңға қайшы келмесе, діни бірлестіктердің жұмыстарына араласпайды.
Үшіншіден, діни бірлестіктер мемлекеттік билік пен басқару органдарының сайлауларына қатыспайды.
Төртіншіден, Діни сипаттағы партиялар мен басқа да саяси құрылымдардың құрылуына, сондай-ақ діни бірлестіктердің саяси партиялар жұмысына араласуына немесе оларға қаржылық қолдау көрсетуіне жол берілмейді.
Бесіншіден, мемлекет дінді ұстанушы азаматтар мен дінді ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ түрлі діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен сыйластық қарым-қатынастарын орнатуға бағытталған белсенді саясат жүргізеді.
Алтыншыдан, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір діннің үстем болуын орнықтыруға, діни араздық пен алауыздықты өршітуге, соның ішінде діни зорлықшылдық пен зорлық-зомбылыққа шақыратын істерге бағытталған діни бірлестіктердің құрылуы мен жұмыс жасауына тиым салынады.
Діни экстремизмді насихаттауға, сондай-ақ конфессиялар арасындағы айырмашылықтарды саяси мақсаттарда қолдануға бағытталған әрекеттерге рұқсат берілмейді.
Түркістан облысының
Қоғамдық даму басқармасының
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.