Дмитрий Баландин жүзуден Болгария чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық жүзгіш, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Болгария ашық чемпионатында 100 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден жеңіске жетті.

Бұл қашықтықта ол болгариялық Лачезара Шумков (1:02.24) пен қазақстандық Айбек Камзеновты (1:02,59) артқа тастады. Баландин София төрінде екінші алтынына қол жеткізу үшін 200 метр қашықтықта да бақ сынайды.

Еске сала кетсек, қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин былтыр өткен  Рио олимпиадасында  200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде чемпион атанған болатын.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.