ЕРІМ ДЕГЕН ЕЛ БОЛМАСА, ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР ҚАЙДАН ТУСЫН!

Б.ДҮЙСЕМБИНОВ, Мәжіліс депутаты:

жасыратыны жоқ, тізімдегі отыз батырымыздың біразының есімін бүгінгі ұрпақ білмейді. Мектеп түлектерінің тест сұрақтарында бір күндік шоу бизнес өкілдерінің аттарының орнына, соғыста көзсіз ерлік көрсетіп, бейбіт күнде ең басты құндылық — адам өміріне араша түсіп, жандарын шүберекке түйген ерлердің есімі неге тұрмасқа? Ерлікке сусындап өскен ұрпақ та намысын қолдан бермейтін азамат болып өспей ме? олар жайында оқулықтарда мүлдем айтылмайды деуге болады.

Халық қаһарманы атағы тиісті әлеуметтік мәртебесімен лайықты бекітілмеген. Ресейде ондай батырлардың саны 1,5 мыңнан астам болса да, оларға бөлінетін қаржыны ешкім бюджетке артық жүк деп санамайды. ал біздің бейбіт елде, соғыс қаһармандарының саны саусақпен санарлық болса да, оларға мемлекет көрсететін көмектер бюджетке қымбат түседі деп қорқып отырмыз.

«ЕҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.