…ет консервілерінің басым бөлігі шетелден келеді

С. БІЛӘЛОВ,

Сенат депутаты:

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көлемі 29 пайызға өсті. Бірақ қаншама қолдау көрсетілсе де, бұл сала төмен рентабельді сектордың бірі болып тұр. Себебі, сала еліміздегі ішкі жалпы өнімнің 4,7 пайызын ғана құрайды.

2016 жылы ауыл шаруашылығы министрлігі 10 мың тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлаған. Бірақ 6,8 мың тонна ғана ет экспортталды.
Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтеруге 30,2 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен ішкі нарықта шетелден келетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне тәуелділік әлі күнге жоғары деңгейде. Сары май, сұйық май, ірімшік, сүзбе, шұжық өнімдері, қант, жеміс-жидек және ет консервілерінің басым бөлігі шетелден келеді. Өткен жылда ет консервілерін өндіру көлемі 28 пайызға, ірімшік пен сүзбе өндіру 17,8 пайызға төмендеді.

«ЖА»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.