«𝗔𝗠𝗔𝗡𝗔𝗧 𝗖𝗨𝗣» футбол турнирінің ойындары өтті

🔹«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «𝗔𝗠𝗔𝗡𝗔𝗧 𝗖𝗨𝗣» футбол турнирінің ойындары өтті.

🔹Жастар турнирі шағын футболдан әуесқой командалар арасынан іріктелді.

🔹Жоғары оқу орындарынан 10 команда және қоғамдық бірлестіктен 1 команда қатысты.

🔹Турнир мақсаты — жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, республика жастары арасында футболды насихаттау және дамыту, бұқаралық спортты дамыту.

🔹Жарыс барысында 1,2,3 орындар мен «Ең үздік ойыншы», «Үздік бомбардир» және «Үздік қақпашы» номинацияларына төмендегідей командалар ие болды.

🥇𝗠𝗔𝗥𝗦 командасы (Орталық Азия инновациялық университеті)
🥈𝗔𝗨𝗘𝗭𝗢𝗩 командасы (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)
🥉𝗧𝗔𝗦𝗛𝗘𝗡𝗢𝗩 командасы (Ташенов университеті)

⚽️«Ең үздік ойыншы» Бабаназаров Жавланбек
⚽️ «Үздік шабуылшы» Колбаев Бекарыс
⚽️ «Үздік қақпашы» Адайбай Данияр

🔹Қолдау көрсеткен қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлына Алғыс білдіреміз!

🔹Барша командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.