Гала-концерт –тікелей эфирде!

30.09.2017 жылы «Наурыз» алаңында өтетін Қала күні мерекесіне арналған гала-концертті сағат 19.00-де «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы және  ww.shymkenttv.kz, www.shymkent.gov.kz сайттары арқылы тікелей эфирден тамашалауға болады.

Айта кетейік, қала күніне арналған мерекені қорытындылаған гала-концертке Қазақстан эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас, Қыдырәлі мен Қарақат, Ерке Есмахан, Бейбіт Кушкалиев, Абай Бегей, «Формат» және «MBAND» топтары қатысады деп күтілуде.

Думанды кеш Еркебұлан Мырзалиев пен Марат Оралғазиннің жүргізуімен «Қызық times» форматында өтеді.

 

Ал мерекелік гала-концерттің шырайын тамаша отшашу кіргізбек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.