Кәсіпкерлерден түскен шағымдарға қатысты салық органы қызметкерлерімен жиын өтті

«Аntikor ortalyǵy» алаңында қалалық Антикор, Мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармаларының басшылары, кәсіпкерлік палатасының өкілдері мен заң кеңесшілер кездесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Бизнеске жол» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесулер мен арыз-шағымдардың бірқатары салық саласына, соның ішінде Мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің әрекетіне қатысты екенін атап өтті.
Соның бірі, аталған жоба аясында бюджеттік міндетті төлемдерді төлемеуіне байланысты банктік шоттарына мәжбүрлеу шаралары қолданылған кәсіпкердің өтініші талқыланып, соның әсерінен бизнес субъектісінің жұмысы тоқтап қалғаны хабарланды. Іс-шарада заңсыз шектеу қойған Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылғаны айтылды.
Қалалық Антикор өкілдері мұндай кемшіліктерді болдырмауға, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге, кәсіпкерлердің мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, бизнеспен ашық диалогқа және оларды тыңдауға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.