Қазір «Журналистер одағы» деген мекеме жоқ

Талғат СҮЙІНБАЙ, журналист: 

Жуырда Олжас Сүлейменов ағамыз бір сұхбатында: «Әлеуметтік желі журналистика емес»,– деп бөліп тастады. Соны естіп қуанып қалдым.

Қазір «Журналистер одағы» деген мекеме жоқ. Негізі осындай бір мекеме аға буын мен соңғы буын арасындағы кәсіби сабақтастық қызметін атқаруы керек еді. Журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен кәсіби журналистер жастарға арнап апта сайын бір-екі рет тренинг өткізсе, қандай тамаша болар еді. Сонда жастар да бұл мамандықтың қыр-сырын түсініп, өз қызметін айқындап, жауапкершілікті сезінер еді…

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.