КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ПАРАҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУҒА ҮНДЕЙТІН КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы тұрғындар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Кезекті кездесу Кентау қаласы әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен мамандары, Байылдыр ауылдық округінің әкімі мен қызметкерлері, сондай-ақ Кентау қалалық кірістер басқармасының ұжымы арасында өткізіліп, жиын барысында парасатты қоғамды қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Өз кезегінде облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Е.Тұңғышбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді хабарлап, жаңа Заңнамада бекітілген жаңашылдықтармен таныстырды.
Сондай-ақ, Штабтың көздеген мақсатын ортаға салып, адалдық қасиетінің құндылығын қазбалады. Парақорлықтың жолын кесу арқылы парасатты қоғамды қалыптастыруға болатынын жеткізіп, жаңа Заңнаманың негізінде мемлекеттік қызметшілерге көрілетін жаза түрінің күшейтілгенін жеткізді.
Кездесу соңында жиынға қактысушылардың талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.