«КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Кентау қаласындағы ең ірі «Трансформатор» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы карантин талаптары сақтала отырып өткізілді. Жиынға «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Кентау трансформатор зауыты АҚ-ның басқарма төрағасы Х.Қожабаев, бастауыш партия ұйымының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы бастауыш партия ұйымының төрағасы Х.Қожабаев баяндап өтті.
Нұротандықтар Елбасының, партия төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып, экономикалық дамуға жоғары қарқын мен қуат қосып келеді. «Nur Otan» – бағдары айқын, даму барысы дараланған, биіктігімен бағаланып отырған шынайы демократиялық үрдістерге сай партия. Қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің белсенді жұмыстарының нәтижесінде партия мүшелерінің қатары сандық жағынан емес сапалық жағынан толығып, нығаюда.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық партия филиалының «Кентау Трансформатор Зауыты» бастауыш партия ұйымының қатарына 2020 жылы 415 адам партия мүшесіне жаңадан қабылданды.
Қазіргі таңда КТЗ бастауыш партия ұйымында 700-ден аса партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымында бірнеше рет «Nur Otan» партиясының мүшелерімен, еңбеккерлерімен, Кентау политехникалық колледжіміздің ұжымымен кездесулер өткізілді. Ол кездесулерде төмендегі маселелер талқыланды, атап айтатын болсақ:
– Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау барысында халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» атты партиялық жобаларды талқыладық;
Пандемия кезеңіндегі сақтық шараларын сақтау бойынша «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының бастауымен өткізілген «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесіне қатысып көптеген жұмыссыз азаматтарды, жас мамандарды тұрақты жұмысқа алдық, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар, отбасы жағдайы төмен азаматтар да бар.
Сонымен бірге осы аралықта бастауыш партия ұйымы партиялық басылымдарға жазылу науқанында, жарна төлеуде, еліміздегі саяси науқанында белсенді қатысып отыр.
2020 жылы бастауыш партия ұйымының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында зейнеткерлерге 820 000 тенге бөлінді. 164 зейнеткерге 5000 тенгеден берілді.
КТЗ бастауыш партия ұйымының топтары Кентау политехникалық колледжі,№ 7 колледж бір-бірімен тығыз жұмыс істеуде. № 7 колледжінің 2019-2020 жылдар аралығында электрмен дәнекерлеуші, токарь, аспазшы мамандықтары бойынша бітірген түлектері КТЗ -на тұрақты жұмысқа орналасты. Кентау политехникалық колледжінің 100-ден аса бітіруші түлектерін тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал етті.
Зауыттың бастауыш партия ұйымының қатысуымен зауыт қызметкерлерінің отбасы жағдайына байланысты талап-тілек, өтініштері бойынша 5 отбасына 200 000 тенгеден көмек көрсетілді. Барлық сомасы –1000 000 тенге.
«КТЗ» бастауыш партия ұйымының алдына қойған міндеттері:
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына байланысты іс- шаралар ұйымдастыру;
– Партия мүшелерінің құрамына белсенді жастарды тарту;
– Саяси науқандық іс-шараларға белсене қатысу;
– Пандемия «COVID-19» кезеңіндегі сақтық шараларын сақтау туралы және екпе салдыру туралы үгіт насихат жүргізу.
БПҰ-ның жиналысында «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков сөз алып, сайлаушылар алдындағы уәделерді толық орындау, Жол картасын жүзеге асыру – басты міндет екендігін, бұл бағыттағы жұмыстардың атқарылуы ұдайы бақылауда болатындығын жеткізді.
«Биылғы өткен сайлаудағы жеңіс – қалың елдің партияға деген сенімінің нақты көрінісі деп айтуға болады. 20 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің барлық өңірінде нақты істермен айналысып жүрген жалғыз саяси күш – «Nur Otan» партиясы. Қазіргі таңда қалалық партия фракциясының депутаттары тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар өткізіп, елмен етене арласып, халық үніне құлақ асып, тұрғындардың өтініштерін орындауға күш салып жатыр. Бүгінде Кентау қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын орындау бағытындағы жұмыстар жүзеге асып жатыр», – деген ол сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын табатындығын мәлімдеді.
БПҰ-ның есебі тыңдалған соң БПҰ төрағасы мен орынбасары, сондай ақ бюро мүшелері сайланды. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының конференциясына делегаттар анықталып, партия мүшелерінің даусымен нақтыланды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.