Қыздарды ай көрсетер 30 кеңес
- Бетке әжім ерте түспеуі үшін бетке бал жағуды әдетке айналдырыңыз.
- Ұйықтар алдында бетке майсана майын жағыңыз.
- Егер шашыңыз қатты түсе берсе, бас терісіне шоңайна тұнбасын жағыңыз.
- Лимонның шырынын сығып алғаннан қалған сығындысын қол терісі мен шынтаққа жағып жүрсеңіз, мүйізгектерді кетіреді.
- Егер қолыңыз жарылып, жарғақтанып кетсе, оған крахмал ботқасын жағыңыз.
- Опаның орнына азырақ крахмал ұнтағын қолдануға болады.
- Егер шашыңыз майлы болса, күн сайын немесе күнара бас терісіне қара шайдың самасын жағыңыз.
- Табиғи кофені жақсы көретін болсаңыз, оны қайнатқаннан қалған тұнбасын бірнеше күн жинаңыз. Онымен денеңізге пилинг жасауға болады.
- Егер теріңіз құрғақ болса, жаңа сығылған 1-1,5 ас қасық шырғанақ шырынымен маска жасаңыз.
- Шашыңызға әдемі қызыл раңк бергіңіз келсе, шаш бояйтын қаптамадағы қынаға 3-4 ас қасық какао қосыңыз.
- Шашыңыз сирей бастаса, күн сайын бас терісіне дәріханалық жожоба майын жағыңыз.
- Құрғақ теріні жұмсартып, сергітуге аюбадам гүлдерінің тұнбасы көмектеседі.
- Құрғақ және сезімтал теріні ылғалдандыру үшін түнге қарай азырақ сумен араластырылған жожоба майын жағып жатыңыз.
- Егер тырнағыңыз қарайса, күн сайын тамақтанардан жарты сағат бұрын 1 ас қасық қияр тұздығын ішіңіз.
- Беттің түсін жақсартуға бал мен тұз қоспасынан жасалған маска көмектеседі. Бұл масканың жасартқыш әсері бар.
- Безеумен күресте табиғи антисептик болып табылатын лаванда мен шай ағашы эфир майларының көмегі көп.
- Таңертең және кешке бет терісін қайнаған минералды суға демделген шаймен сүртіңіз.
- Күн сайын жалбыз шайын ішіңіз, сонда теріңіз балғындық пен нәзік реңкке ие болады.
- Кірпікті өсіру үшін оған майсана майын немесе осы майды ром шарабымен араластырып жағыңыз.
- Бет терісін терең тазарту үшін оған жұмыртқаны сарысы мен лимон шырынын қабаттап жағыңыз.
- Қол терісін жұмсарту үшін бірдей мөлшердегі сіркесу мен өсімдік майының қоспасын жағыңыз.
- Қол мен бет терісін жасарту үшін ұйықтар алдында зәйтүн майы мен лимон шырынын бірдей мөлшерде араластырып жағыңыз.
- Теріні тазарту үшін құрғақ сұлы ұлпасын сумен және айранмен араластырып жаққан жақсы.
- Терідегі бөртпелерден құтылғыңыз келсе, үккіштен өткізілген алмаға азырақ бал қосып, маска жасаңыз.
- Жүктілік кезінде қарын терісі жыртылмауы үшін какао майын жағу керек.
- Аллергия кезінде 1:3 мөлшерімен каланхоэ мен суды араластырып, осы суға батырылған мақтаны зақымдалған теріні сүртіңіз.
- Шаштың түбін нығайту үшін түссіз қынаға жылы айранды араластырып жаққан пайдалы.
- Суға езіліп піскен қарақұмықты бас терісіне ысқылап жағу да шаштың түбін нығайтуға көмектеседі.
- Шашты қалыңдату үшін 1 жұмыртқаның сарысы мен 1 ас қасық өсімдік майын жағу керек.
- Шашты жылтыр және күшті етуге иіртамыр, шоқайна мен қалақай жапырағының тұнбасы көмектеседі. Бұл қоспамен басты жуу керек.