Қызықты деректер 26 - Октябрь, 2017 ж 536 0 * Жүктілік кезінде әйелдің миы кішірейеді. Ол бастапқы қалпына келуі үшін босанғаннан кейін алты ай қажет болады. * Адамның сілекейінде ауруды басатын морфиннен алты есе күшті зат бар. Ол опиорфин деп аталады. * Жалғыздық иммунитетті әлсіретеді, ал отбасы мен досы барлардың иммунитеті 60%-ға күшті болады. * Температура тәбетке әсер етеді. Жаураған адам екі есе көп тамақ жейді. * Сол жақ өкпе оң жақ өкпеден кішірек, себебі ол жүрекке орын беруі керек. * Теңіз шаянының қаны түссіз келеді, алайда оттегімен әрекеттескен сәтте көк түске ауысады. * Күні бойы кірпік қаққан сәттердің бәрін қосқанда бір күнде 30 минут көзді жұмып тұрғанмен бірдей болады. * Адамның миы күндізге қарағанда, ұйықтап жатқанда белсендірек жұмыс істейді. * Жер бетіндегі өсімдіктердің 85%-ы мұхитта өмір сүреді. * Кемпірқосақты тек таңертең және кешке ғана көруге болады. * Құлпынай – өз ұрығын өз ішінде өсіретін жалғыз жеміс. * Сиырдың алдыңғы жоғарғы тістері болмайды. * Таңертең ұйқыны ашуға кофеден гөрі алма жақсы көмектеседі. * Ең сезімтал саусақ – сұқ саусақ. * Марстың қызыл болып көріну себебі – бұл ғаламшардың бетін тат басқан. * Сиырлар тыныштандырғыш әуеннің әсерімен жақсы сүт береді. * Жыланның асқазанындағы қышқыл сүйек пен тісті ерітіп жібере алады, бірақ жүн мен шашқа күші жетпейді. * Адамның жамбас сүйегі бетоннан да күшті. * Акулалардың адамзатқа белгілі барлық ауруларға қарсы иммунитеті бар. * Ыстық су суық суға қарағанда тезірек мұзға айналады. * Ең белсенді бұлшықет көзде орналасқан. * Жаңбыр суының құрамында B12 дәрумені бар. * Қолтырауындар түсті ажырата алмайды. * Акуланың тісінің беріктігі болатпен бірдей. * Шегірткенің қаны ақ түсті. * Көгершіннің сүйегінен қауырсындары ауыр келеді. * Ең көп таралған ауру – тіс жегісі. * Керіктің қан қысымы барлық жануардыкінен жоғары. * Акулалар ұйықтап жатқанда да қозғалуын тоқтатпайды. FacebookTwitterEmailTumblrWhatsAppTelegram