М.ӘБЕНОВ, қоғам қайраткері:… бұл заңсыз әрекет

Мектепте ата-анадан ақша жинайды деп сын айтамыз.

Ол, әрине, орынды. Бірақ мұғалімдердің де дәл сондай құқығы бұзылып жатқанда, қоғам үндемей қалғаны дұрыс емес.

Мұғалімдердің ең көп еститін сұрағы:

– Мектептерде баспасөзге ерікті-еріксіз жаздыру қашан тоқтайды?

Онсыз да айлығы көп емес мұғалімнің  əрқайсысын жазылу кезінде 10 мың теңгеден жоғары суммаға  жазылуға мәжбүрлейді.

Жазылмайын десе, директор ұрсады. Ал директорға ұрсатын кім? Бұл соңғы кезде пайда болған үрдіс емес, бұрыннан бар.

Ұстаздардың жауапкершіліктері артып, оларға қойылатын талап күшейсе де жалақысы өскен жоқ. Ал сол онсыз да аз мөлшердегі ақшаға қоғамның қол сұққаны қаншалықты дұрыс?

Жеме жемге келгенде, бұл заңсыз әрекет. Газет шығарып, тарату – тек ақша емес, бұл идеология құралы деп айтамыз. Бірақ сол идеологияны тек ұстаздардың арасында жүргізу керек пе?

365info.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.