ОҚО мәслихатына сайланған төрт азаматқа депутат мандаты берілді

Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 16-шы сессиясында бос орындарға сайланған 4 азаматқа депутат мандаты берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты мандатын № 11 облыстық сайлау округінен сайланған   «Ұлы Орда» ЖШС-нің президенті Қайрат Сүлейменов,  № 35 сайлау округі  округі  бойынша  «SAURAN group» ЖШС-нің кеңесшісі Әбдірашит Омаров, № 49 сайлау округі  бойынша  «Хамит» АӨК басқармасы төрағасы Бақытжан Серманиязов, № 50 сайлау округі  бойынша  Қазақстан инженерлі-педагогикалық  «Халықтар достығы» университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова алды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен сессия отырысында  4  мәселе  қаралды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бұған дейін  тұрақты комиссия отырысында  талқыланғандықтан сессияда қаралған  мәселелер  депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып отырды.

Мәжіліс барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен облыстық мәслихаттың депутаттары Серікжан Сейтжановты, Дәурен Ахметовты, Жамалбек Шәріпбек пен Нұралы Әбішевті, Талғат Баймаханов және Уалихан Рахиеваларды марапаттады. Осындай төсбелгіні мәслихат хатшысы Қ.Балабиев облыс әкіміне тақты.

Бұдан бөлек, облыстың дамуына ерекше сіңірген еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен және өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін облыстық мәслихатының Грамотасымен жалпы  жеті азамат марапатталды.

Сессия жұмысын қорытындылаған Ж.Түймебаев барша депутаттарды жаңаша бағытпен, жаңаша көзқараспен жұмыс істеуге шақырды.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.