ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген толықтырулармен кең көлемде ел азаматтарын ақпараттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен қарқынды жүргізілуде.

Атап айтсақ, бүгін Заңнамаға енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметшілерді таныстыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түрікстан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжым қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізді.

Ең алдымен, Е.Икрамұлы Заңнамадағы жаңашылдықтарды, атап айтсақ мемлекеттік қызметшілерге және оның отбасы мүшелеріне сыйлық беруге тыйым салу нормасы күшіне енгенін және сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғалардың ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік салаға бақылау күшейтілгенін, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың өз жақын туыстарымен тікелей бағыныста бола алмайтындығын жеткізді.

Жиын соңында басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріліп, ұсыныс- пікірлер ортаға салынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.