Рамазан айында қазақ қызы 280 африкалық отбасын тамақтандырды
Павлодарлық 29 жастағы қазақ қызы Ынтықбаева Тоғжан Рамазан айында африкалық көмекке мұқтаж 280 отбасыға достарының және күйеуінің қолдауымен тамақтандырды. Өзінің әлеуметтік парақшасында Африкаға барып келген суреттерімен бөліскен Тоғжан: «Барлығы біреуге көмектесіп, жақсылық жасайық деген ниеттен пайда болды. Мейірімді қазақстандықтар 2,5 миллион теңге жинап берді. Бұл — 280 отбасының бір айлық азығына тең. Бүгін біз ауылдардың бірінде 10 пакетті тараттық. Балаларға тәттілер, ересектерге азық-түлік бердік. Кеше 120 пакет таратылды. Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынды. Әуелі 80, кейін 40 пакетті екі ауылдың тұрғындарына жеткіздік» — дейді. Тоғжанның сөзінше, Африкада өмір сүруге дұрыс жағдай жасалмаған. Сол себепті, Рамазан айының қарсаңында жақсылық жасағы келгенін айтады. Тоғжан Ынтықбаеваның жұбайы Азамат Жағыпаровтың айтуынша, оның жұбайы және құрбысы 4D карталарды сатып, ақша тапқан. Сонымен қатар Тоғжан ақша жинауға көмектескен қазақстандықтарға алғыс білдірді. Оның сөзінше, ендігі Африкадағы 280 отбасы бір ай көлемінде тоқ жүретін болады. Сондай-ақ, Африкадан арнайы шақырту келіп, қайырымдылық жасағандармен кездесуді қалайтындарын хабарлаған. Сондай-ақ, олар Қазақстан халқына үлкен ризашылығын білдірді.
Ұ.Өскен