Шығыс жұлдызнамасы: ИТ ЖЫЛЫ
Келіп жеткен жылдың иесі – Ит жылы туылғандардың алдағы жылы барлық жағынан жолы болуы заңды. Осыған дейін жүзеге аспай келген жоспарлар орындалып, бұл жолда ешқандай кедергілер болмайды.
Әсіресе, махаббат мәселесінде айыңыз оңынан туғалы тұр. Шамамен жылдың ортасына қарай жалғызбасты Ит белгісіндегілер отбасын құруы әбден мүмкін.
Екінші жартыжылдықта жеке үй құрылысымен немесе баспанаңызды күрделі жөндеуден өткізумен әлек боласыз. Бұл істе ешқандай қаржылық тапшылық болмайды. Егер өз ақшаңыз жетпей жатса, туыстарыңыз бен достарыңыз көмектеседі.
Дегенмен, денсаулық мәселесінде аздаған қиындық бар. Көптен бері ұмытқан созылмалы ауруларыңыз қайта оралуы мүмкін. Әсіресе, ерлер жағының әртүрлі дертке қарсы тұру қабілеті нашарлау болмақ.
Солай бола тұрса да, жылды тыныш өткізіп, отбасы бақытынан ләззат алуға айтарлықтай ештеңе кедергі бола қоймады. Ал 2018 жылды қарсы алар түні үлкен ғажайып тосынсый күтіңіз.