Шымкент: «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы бойынша дәріс өтті

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы қолға алынған. Осыған орай, тәртіп сақшылары Шымкент қаласының барлық аудандарында оқушыларды қатыстыра отырып, түрлі сабақтар өткізуде.
Мәселен, Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Н. Құрамысов №108 мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында көрнекіліктер пайдаланылды, бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, жол белгілерін таныстырды. Әрбір баланың мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды.
Айта өтетін ақпарат, бұл іс-шара ағымдағы жылдың 10-сәуіріне дейін жалғасын табады.
Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.