Шымкент: Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, 2 500 000 теңгесін заңсыз иемденіп кеткен азамат анықталды

Қаратау ауданы Полиция басқармасына  жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат мемлекеттік бағдарламамен жылдам пәтер алуға көмектесетінін, бұл үшін өз таныстарына қомақты қаржы беру арқылы жүзеге асыратынын жазып көрсеткен.

Осылайша, жәбірленушінің сеніміне кіру арқылы  1 800 000 теңгесін қолма-қол алып, қалған екінші бөлігі 700 000 теңгені «Kaspi Gold» банктік есеп шотына аудартып алып, өз уәдесінде тұрмай ақшаны жеке бас пайдасына жаратқан.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.