Шымкент: Полицейлер 400 кг қорғасын ұрлаған азаматты анықтады

2021 жылдың 30-қазанында Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда ол, өзінің түрлі-түсті металл өндіретін кәсіпорнынан белгісіз тұлға  қорғасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, аталған кәсіпорында жұмыс істейтін азамат анықталып, 400 кг қорғасынды жасырып қойған жерінен алынып, басқармаға тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Аталған арыз ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркеліп, тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға өз заттарына абай болуға және жұмысқа азаматтарды қабылдау кезінде жіті тексеруге шақырады. Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.