Шымкент: Полиция қызметкерлері жоғалған қызды тауып, анасына табыстады

Жеті жасар қыз бала үйінен ойнауға шығып, адасып кетіп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Бұл туралы оның анасы сол күні сағат 15:00 шамасында Жедел басқару орталығының «102» арнасына хабарлаған.

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларын ұйымдастырып, сол аумақтағы ойын алаңдары мен көшелерді біртіндеп аралады. Тәртіп сақшыларының жедел жұмыс атқаруының нәтижесінде, бір сағаттың ішінде бала сол маңдағы көрші ауладан табылды.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлерінің сапалы қызметіне риза болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.