Шымкент: “Шырша” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен 2021 жылдың соңына дейін Шымкент қаласы аумағында балауса қылқан (шырша) ағаш түрлерін заңсыз айналымын, тасымалдау, кесу деректерін анықтау және жолын кесу  мақсатында жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері “Қазына”, “Қырғы”, “Жабық” және “Алаш” базарларының сауда нүктелерін тексерді. Сатушылармен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сату және сату бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, заңсыз сату және ағаштарды кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Белгіленбеген орындарда жасанды шыршаларды сату бойынша бес факт анықталды. Олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Егер, Сіз, осындай қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың куәсі болған жағдайда тез арада «102» арнасы арқылы хабар беріңіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.