Шымкент тәртіп сақшылары тұрғынның көлігінен қаруға ұқсас зат тәркіледі

Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің 958-автоэкипажы қызмет барысында Нұрсәт шағынауданында күмән тудырған «Ваз» маркалы көлікті тоқтатқан.

Полицейлер профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің алдыңғы орындығында қару бар екендігін байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, тәртіп сақшылары табылған қару тәріздес затты айғақты зат ретінде тәркіледі. Аталған азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осы ретте тәртіп сақшылары қала тұрғындарын егер тіркелмеген отты қару болған жағдайда өз ерікімен Ішкі істер органдарына тапсырғанда жауапкершілікке тартылмайтыны жөнінде ескертеді. Ал, тәртіп сақшыларымен тәркіленген жағдайда, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде хабарлайды. 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.