Шымкентте айыппұлын төлемеген жүргізушілердің көлігі арнайы тұраққа қойылды

Қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” іс-шарасының бірінші күнінде төленбеген айыппұлдары бар екі жүргізуші анықталды.

 

Мәселен, полицейлер ағымдағы жылдың 19-сәуірінде «Ваз-21014» маркалы ресейлік нөмірлі екі көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында азаматтар бірнеше рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемегені анықталды.

 

«Жүргізушілердің жасаған бұзушылықтарының басым бөлігі ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (қозғалыс жылдамдығын рұқсат етілген шектен асыру) бойынша тіркелген. Сондай-ақ, азаматтарға 600 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар екендігі туралы ескерту берілді. Осыған байланысты борышкерлердің көліктері айыппұлдарды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа жеткізілді», — дейді Жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов.

 

Айта кететін ақпарат, осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.