Шымкентте алаяқ азамат ұсталды

2021 жылдың 22-мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға ғимаратқа заңсыз кіріп, ішінен 2 дана тарақ, 3 дана қайшы, 80.000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті  азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.