Шымкентте әлеуметтік бейнероликтер фестивалі өтеді
Бүгін қалалық әкімдікте шығармашылық студия және жергілікті телеарна басшыларымен кездесу өтті. Жиында негізінен үшінші мегаполис тұрғындарының мәдениетін арттыру мәселесі қозғалды. Бұл тұрғыда әлеуметтік бейнероликтердің маңызды рөлі назарға алынды.

Әлеуметтік роликтер – тарихты жеткізудің тиімді тәсілі ғана емес, түрлі мәселеде қоғамның көзқарасын өзгерте алатын мүмкіндік.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік роликтердің бағыты – жамандықты көрсету емес, аз ғана қарекетпен жақсылық жасауға болатынын түсіндіру дейді.
Жиын соңында қаламызда әлеуметтік роликтер фестивалін ұйымдастыру туралы шешімге келді. Ал, байқаудың шарттары мен талаптары, сондай-ақ жүлде қоры кейінірек жарияланатын болады. Жаңалық күтіңіздер!