ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SHYMKENT FEST” ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет «Shymkent  fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулардың салтанатты ашылуы өтті.

«Shymkent  fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақыт тиімді ұйымдастыруға бағытталған, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Аталмыш жобаны ашып беру үшін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барлық қала жастарын фестивальға қатысып, спортпен шұғылдануға шақырды.

2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Тарқата айтқанда, үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі кештер өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent  fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.