Шымкентте «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің туы табыс етілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толу қарсаңында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы Күштердің ардагерлері» Шымкент қалалық филиалы республикалық қоғамдық бірлестігінің туын табыс ету рәсімі өтті.

Рәсімде «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағыманов Шымкент қ. филиалының төрағасы запастағы полковник Серікбай Онбаевқабірлестіктің құрылғанына 10 жыл толуы және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуде атқарған жұмыстарын оң бағалап, бірлестіктің туын салтанатты түрде табыс етті.

Іс-шараға Шымкент гарнизонының әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтары, сондай-ақ ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары қатысты.

  • Қазіргі таңда бірлестік 10 жыл ішінде Қарулы Күштердің көптеген құрамымен, бөлімімен, Қорғаныс министрлігі департаменттерімен тығыз байланыс орнатты.Ардагерлер Қарулы Күштердің барлық әлеуметтік маңызы бар шараларына қатысты. Олар әскерге шақырылу алдындағы және әскер қатарына шақырылатын жастармен кездесулер өткізіп, жоғары оқу орындарында, колледждерде, орта және арнайы мектептерде тәлім тәрбие көрсетті. Жастармен жақын қарым-қатынас орнатып, олардың бойында еліміздің тарихына деген мақтаныш сезімінқалыптастыруға атсалысты және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты,- дейді генерал-майор Марат Нағыманов.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.