Шымкентте лас көліктердің иелеріне айыппұл салынуда

Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында рейдтік іс-шара жүргізуде.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Шымкент республикадағы үшінші мегаполис екенін ескерсек, қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір тұрғынның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында болуы заңдылық.
Осыған орай, полиция қызметкерлері Арғынбеков көшесінің бойында лас жүк көлігін байқап, тоқтатады. Жүк көлігінің доңғалақтары балшық, лас күйінде жолды лайлап, қалалар мен елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны анықталды. Көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының Полиция департаменті қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.