Шымкентте үздік полицейлер марапатталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінде 2022 жылдың ең үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жыл қорытындысымен биік жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің жауапкершілігіне жүктелген қызметін бар ықыласымен атқарған және өз жұмысына адал әрі әділ болған 11 қызметкерге арнайы номинациялар табыстады.
Жылдың «Үздік жас жедел уәкілі» номинациясымен Төрекелді Әбубәкір, «Үздік Штаб инспекторы» — Хаким Жәнібек, “Үздік жедел уәкіл”- Иманов Сұлтан, «Үздік тергеуші» — Зиябек Өмірбек, «Үздік анықтаушы» — Тастемирова Ақбота, «Үздік криминалист» — Мүталов Дастан, «Үздік кадр инспекторы» — Бейсенбаев Нуржигит, «Үздік көші-қон инспекторы» — Нысанбаева Гульжан, «Үздік кезекші» — Примбетов Жандос, «Үздік учаскелік полиция инспекторы» — Тукишев Мурат, «Үздік қызмет инспекторы» номинациясымен Батырбаев Сафуан марапатталды.
Шымкент қ. ПД Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.