Шымкенттік полицейлер алаяқтық қылмысын ашты

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат ауыр жүк көлігінің  бөлшектерін алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 475 000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.