Шымкенттік полицейлер автокөлігінде есірткі алып жүрген жүргізушіні анықтады

2021 жылдың 14-қараша күні сағат 11:53 шамасында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №41 УПП учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу кезінде ВАЗ-21114 маркалы автокөлік иесі күдік тудырған.

Тексеру барысында аталған автокөліктен 1 дана полиэтилен пакетке оралған өсімдік тектес кептірілген хош иісті есірткіге ұқсас затын алып жүргені анықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған жайт бойынша, жергілікті тұрғын есірткіге ұқсас анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.