Шымкенттік полицейлер Бас партиямен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді

Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында тұрғындарға профилактикалық түсіндірме жұмыстары мен іс-шараларды ұдайы өткізіп келеді.

 Сыбайлас жемқорлық –  тек қана мемлекеттің мәселесі емес, ол азаматтың, қоғамның мәселесі. Сондықтан, «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиялында түрлі мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында,  Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жоюға бағытталған бірқатар жобаларды ұсынды.

«Парақорлықпен күресу әрбіріміздің міндетіміз. Мәселен, видеожетондарды қызмет барысында қолданысқа енгізіп, «Жұртқа жақын» полиция қағидатын жүзеге асырып келеміз. Видеофиксация бірінші кезекте полиция тарапынан да, жол қозғалысына қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында жүргізіледі. Мұндай құрылғыларды пайдалану арқасында полиция қызметкерлерінің барлық іс – әрекеттерін оңай қадағалап, мониторинг жасай алу және орын алуы ықтимал кез келген сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, сондай-ақ даулы жағдайда полиция қызметкері немесе азаматтық тұлға жағына шыға алатындығы анық» — деді Қаратау АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Нариман Қайсар Нариманұлы.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаменті мен «Nur Otan» партиясы мұндай маңызы мол жиналыстарды жиі ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарының нәтижелері оңды өзгерістерге бастайтынына сенімді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.