Шымкенттік полицейлер көршісінің су сорғыш моторын ұрлап кеткен азаматты анықтады

2021 жылдың 22-мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінен құны 50 000 теңге тұратын «Зубр» маркалы су сорғыш моторын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Тәртіп сақшылары жедел іздестіріп, ұрлық жайты болған мекенжайға тез арада жетті. Көрген-білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізген.
Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде, ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Қаратау АПБ КПБ-нің қызметкерлерімен Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.
Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, ұрлық қылымысының тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ұмытпаңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.