Шымкенттік спортшыларға нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкентте жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Олимпиада резервін даярлау орталығының» жас спортшыларымен кездесу өтті.

Аталған жиынға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі  Балжан Манабаева қатысты.

Сондай-ақ, бас қосуға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы, денсаулық саласының мамандары және спорт шеберлері қатысты.

«Қазіргі таңда бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет ол – нашақорлық. Бұл індетке  көбінесе жасөспірімдер, жас буын шалдығады. Есірткі қолданған тұлға кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б. бейімделеді. Сондықтан да есірткеге тәуелді адамдар әсіресе жастар өз өмірлеріне балта шабады. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде тәртіп сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керекпіз. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол — өз өмірің. Осы тұрғыда полиция қызметкерлері және жастар жөніндегі құзырлы орган өкілдері есірткі қылмысының, атап айтқанда оны пайдалану, сату, жарнамалау жұмыстарының алдын алу және оны болдырмау мақсатында үздіксіз профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырамыз», – дейді Балжан Манабаева.

Сөз соңында жастар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.