Шымкенттік жастарға есірткіні алдын алу бойынша кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2022 жылды Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда балалардың жарқын болашағы үшін құқықтық сауатын арттыруға, зиянды әдеттерден сақ болуға және дені сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында полицейлер бірқатар жұмыстар атқаруда.

Мәселен, М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінің студенттерімен Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты — нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ отансүйгіштікке тәрбиелеу кереғар діни ағымдардан сақтану керектігін түсіндіру.

Жиынға Шымкент қаласы денсаулық саласының мамандары және спорт шеберлері қатысты. Кездесуде қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды ақпараттар беріліп, жаман әдеттерден аулақ болып жақсы істермен айналысу мақсатында сөз қозғалды. Сала мамандары өзінің бағыттары бойынша баяндама әзірлеп, салауатты өмір салтын ұстанып спортпен айналысуға шақырды. Сондай-ақ патриоттық тәрбиелік бағытында еркін пікір алмасты.

«Қоғамды жайлаған індетпен күресіп, нашақорлықты алдын алу мақсатында күнделікті жұмыстар атқарылуда. Есірткі қолдану – өмірді балта шабумен тең. Біз жастармен осындай кездесу ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – есірткісіз қоғам құрып, жарқын болашағымыз өз қолымызда екендігін жеткізу. Заң аясында есірткіні қолдану, оны сатумен айналысуға тыйым салынып,  қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіру»,-дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан. 

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.