Соған қарамастан импортқа тәуелдіміз

Л.Худова, Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы: 

Жеңіл өнеркәсіптің дағдарысқа ұшырағаны қашан! Әлі еңсесін көтере алмай келеді. КСРО-мен бірге бұл сала да құлдырап кеткен еді, әлі де бір орында ілдәлдалап тұр. Үкімет лайықты көңіл бөліп отырған жоқ десем, қате айтқандық емес. Үкіметтің шала тірлігі жылдар бойы қордаланып қалған қыруар проблеманы шешуге тіптен қауқарсыз.

Қазақстан әлемде шикізатқа аса бай мемлекеттердің қатарында. Тері, жүн, мақта дейсіз бе, бәрі бар бізде. Соған қарамастан импортқа тәуелдіміз.

Жыл сайын 37,5 миллиард теңгеге мектеп формасы сатып алынады екен. Ал сол формалардың тек 7 пайызы ғана отандық өнім.

                                                                                                                                          «ҚЗ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.