СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘЗІРЛЕНГЕН СТИКЕРЛЕР «WHATSAPP» ҚОСЫМШАСЫНДА ТАРАТЫЛУДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі киелі өңірде тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар ілгері бастамаларды қолға алып, бүгінде тұрғындар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыруда келелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Сыбайлас жемқорлықтың түп–тамырымен жою, оның ұлғаюына жол бермеу үшін көптеген талаптар қойылып, алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда Осы мақсатта қоғам болып күресті жалғастыру қажет.

Атап айтсақ, жобалық кеңсе менеджерлері халық кең қолданатын танымал желі — «Whatsapp» қосымшасы арқылы өңір тұрғындарына «Пара берме», «АдалБол», «Ақшаға әуес болма», «1424» т.б үлгіде әзірленген стикерлерді жасақтап, кең көлемде таратуда.

Айта кетсек, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұшырасқан облыс тұрғындары Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет көрсететін 1424 сall орталығына хабарласуға болатынын хабарлаймыз!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.