Тәртіп сақшылары бұзақылық жасаған азаматты ұстады

2021 жылдың 18-мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға жер телімінде орналасқан үйді өзінің атына рәсімдеп беремін деп, сеніміне кіріп 7.000.000 теңге ақшасын иемденіп, осы күнге дейін аталған үйді оның жекелей атына рәсімдеп бермей жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.