Түлкібаста 356 га жерге алма бауы егілді

Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқынды дамып келеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді.Түлкібаста 356 га жерге алма бауы егілді

Ауданда қазіргі таңда 3077 га бау алқабы болса, оның ішінде қарқынды  бау көлемі  — 230 га. Белгіленген жоспарға сәйкес, ауданда биылғы жылы 356 га жерге алма бауы егілсе, оның 115 гектары қарқынды бау. Мұнан бөлек, жыл басынан бері Түлкібаста 251 шағын мал бордақылау алаңы мен 81 жанұялық сүт фермасы және 600 бастық шағын құс фермасы  ашылды.Картинки по запросу зона отдыха в тюлькубасе

Сонымен қатар, Түлкібаста туризм саласы кеңге қанат жайып келеді. Жыл басынан бері онда бірнеше демалыс орындары ашылған. Мысалы, аудандағы Керейт ауылында бір мезетте 1000 адамды қабылдауға шақталған отбасылық демалыс кешені ашылса, жақын күндері Жабағылы елді мекенінде 70 адамға шақталған «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы  ашылу жоспарлануда.   Ал «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген тапсырмалар биылдан бастап іске асырыла бастайды.

Дерексөздер  http://www.inform.kz сайтынан алынды

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.