«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті

     Шымкент ҚПД Абай АПБ ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен Абай ауданы аумағындағы аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шара жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру.

Сондай-ақ, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды тұтынудың алдын алу болып табылады.
Рейд барысында ювеналды полиция қызметкерлері полиция майорлары Анар Махсудова, Ирина Мухина, Мадина Алиева және №13 учаскелік тірек пунктінің қоғамдық көмекшісі Нигара Мусаева түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтап, олардың ата-аналарына ескерту жасады.  ҚР ӘҚтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы» — 9 жасөспірім анықталып, хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, кафе, дүкен иелеріне кәмелет жасына толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатуға болмайтынын ескертіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.