ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ МИКРОФОН» АЛАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚОНАҚ БОЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Жүнісов Дамир Дәулетұлы «Ашық микрофон» алаңында өзінің толымды ақпараттарымен ой бөлісті.

Жалындаған жастармен жүздескен Дамир Дәулетұлы ашық сұқбат алаңында жас облыс мәртебесін алған өңіріміздің қоғамдық дамуы туралы тұщымды ақпараттарын жеткізді

Сондай-ақ, бағдарлама кейіпкері сан саладан қойылған көкейтесті сауалдарға толымды жауап беріп, өзінің өнегелі өмір жолынан мардымды мысалдар келтірді.

Сондай-ақ, басшылыққа келген арда азаматтың жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа деген айқын көзқарасы сөз болып, жиынға қатысушылардың өткір ойлары мен пайымды пікірлері өзара талқыға түсті.

Айта кетсек, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінен бастау алған бұл игі жоба тұрақты негізде ұйымдастырылып, өз аудиториясына парасатты тұлғалармен жүргізілген сүбелі сұқбаттар легін ұсынып келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.