ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 30 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІН КӨРСЕТЕТІН «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» АШЫЛДЫ
Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында тұрғындар үшін тиімді қызмет түрін көрсететін «Сервистік әкімдіктің» ашылу рәсімі өтті.
Ашықтық және қолжетімділік қағидатына негізделген жаңа кеңсенің тұсаукесер рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, халықтық кеңсенің қызмет көрсету барысын бақылады.
Сервистік әкімдіктің мүмкіншілігімен танысқан Мирас Асқарбайұлы ауданның игілігіне берілген жаңа кеңсе негізсіз әуре-сарсаңдар мен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде Түркістан өңірінде қолға алынғандығын баяндады.
Ашық кеңістіктегі жаңа нысанда 8 дербес бөлімдер, атап айтсақ білім, жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және экономика және қаржы, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 90 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, азаматтардың кедергісіз қызмет алуларына қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Мұнда электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, электронды қызмет көрсету, күту залдары жұмыс жасайды және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен» жасақталған.
Мұнда электронды цифрлық қолтаңба алуға, «e-gov» қызметі арқылы анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру және халыққа қызмет көрсету орталығына брон жасауға жәрдем беретін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Айта кетсек, мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған «сервистік әкімдіктер» бүгінгі күні Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/ауданда ашылып, қолайлы қызмет көрсету бойынша өз жұмысын бастап кетті.